"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустриялық даму қорына сілтеме жасап.
Сурет: Tengrinews.kz
"Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін 40 миллиард теңге бөлінеді, оның 30 миллиард теңгесін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ "Жасыл Даму" (ӨКМ операторы) АҚ қаражатынан және 10 миллиард теңгесін "ҚазАгроҚаржы" АҚ капитал нарығынан тартады", - делінген хабарламада.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның барлық филиалында 5 тамызда басталады.
Сондай-ақ қаржыландырудың бір лизинг алушыға екі жылдық кезең ішінде бір реттен жиі емес ұсынылуы маңызды шарт саналады.
Бағдарламаға келесі отандық өндірістегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары қатысады:
Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне: "АгромашХолдинг KZ" АҚ, "Қостанай трактор зауыты" ЖШС, "Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы" ЖШС, "СемАЗ" ЖШС, "Kazrost Engineering Ltd." ЖК, "СТ ЭСЭМБЛИ" ЖШС, "KazKioti" ЖШС, "МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты" ЖШС кіреді.
"Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы шегіндегі қаржыландырудың револьверлік сипатта болатынын, яғни қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдердің жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға қайта жіберілетінін айта кету керек. Бағдарламаның өзі 20 жылға есептелген", - делінген хабарламада.