24.09.2024, 9:45
Оқылды: 87

Қазақстанда Әзербайжан Республикасының мәдениет күндері өтеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Нәтижесінде өзара Мәдениет күндерін өткізу туралы келісім жасалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

0CFD6812-DCC5-48E3-8EF3-B0131849E9F9

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

24-26 қыркүйек аралығында Астанада Әзербайжан мәдени күндері өтеді. 24 қыркүйекте «Физули-530» кітабының тұсаукесері және этно-джаз концерті өтеді. 25 қыркүйекте Қазақстан мен Әзербайжанның ұлттық кітапханалары арасында меморандумға қол қою, Эльмира Ахундова кітабының тұсаукесері, сонымен қатар «Әзербайжан өнерінің жауһарлары» көрмесінің ашылуы және би ансамблінің концерті өтеді. 26 қыркүйекте Әзербайжанның заманауи өнері және Томирис иконографиясы туралы дәрістер өткізіледі.

Басты іс-шара 26 қыркүйек күні Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрында өтеді. Гала-концертте Әзербайжанның халық әртістері өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Мәдениет күндері Баку қаласында өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале