20.02.2024, 15:45
Оқылды: 60

Қазақстанда ажырасудың басты себептері аталды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенат отырысының Үкімет сағатында еліміздегі ажырасудың негізгі себептерін айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

alliances-1196134_960_720

Фото: pixabay.com

Министрдің сөзінше, Қазақстан отбасылары ұлттық баяндамасында елімізде сұралғандардың 95,4 пайызы отбасылық қарым-қатынасқа қанағаттанған екен.

Ал Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9 пайызға, ал ажырасу 5,3 пайызға азайған. Ажырасудың негізгі себептері - алкоголизм және ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы (61,7 %). Сондай-ақ шаңырақтың шайқалуына тұрмыстық зорлық-зомбылық (51,1%), опасыздық (47 %), лудомания (38,4 %) ықпалын тигізеді.

- Зерттеулерге сәйкес қазақстандықтардың 20 пайызы үшін ажырасудың негізгі себебі – бала сүйе алмау, әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады екен, - деп тұжырымдады Балаева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале