2.10.2024, 15:15
Оқылды: 97

Қазақстанда Canva сервисі уақытша бұғатталды

Қазақстанда Canva сервисі уақытша қолжетімсіз болды. Оның себебін құзырлы органдардан сұраған едік, деп жазды ҚазАқпарат.

3609B3B2-56EB-429F-8281-DD78F3B80628

Сурет: canva.com

«Canva сервисінің қызметіне Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша тыйым салынды. Тексеруден кейін заң бұзушылықтар жойылды. Жақын арада бұғаттан шығарылады», - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдемесінде.

Ал Canva сервисінің желідегі ресми парақшасында мәселенің шешілгені айтылған.

«Мәселе шешілді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Кэшті, cookie файлдарын және браузерді тазалап, содан кейін қайта жаңартып көріңіз. Сондай-ақ, біздің платформаға басқа браузердің көмегімен кіруге болады. Барлығы орнына келді деп үміттенеміз», - деген пікір қалдырған Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, аталған сервис қызметін бұғаттау себебін анықтау мақсатында Ішкі істер министрлігіне сауал жолдадық.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале