4.10.2024, 15:00
Оқылды: 35

Қазақстанда «Даналық – ұстаздан» республикалық акциясы өтіп жатыр

Қазақстанда «Даналық – ұстаздан» республикалық акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мектеп, оқушы ЖП / Гүлмира С.С

Акцияға 3 миллионнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары қатысып,  бір мезгілде «Ұстазым» әнін орындады. Акция қазақстандықтар арасында кең қолдау тауып, оған  балабақша  тәрбиеленушілері мен оқушылардан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, дәрігерлер және еліміздің танымал тұлғалары өз ұстаздарына әлеуметтік желілерде алғыс білдіру арқылы үн қосты. 

Іс-шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сіз де #Біртұтас_тәрбие және #Даналық_ұстаздан хэштегтерін пайдалана отырып, сүйікті ұстазыңыз туралы қысқа бейнежазба түсіріп, ұстазыңыздың оқу мен тәрбиедегі үлесі үшін алғыс білдірсеңіз болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале