19.07.2023, 10:15
Оқылды: 51

Қазақстанда екі есірткі зертханасы мен прекурсорлар қоймасы жойылды

12-інші және 14-інші шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген шаралар нәтижесінде екі есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

efd850c42aa66c8c68884677bd710d39_1280x720

10 келіден аса «мефедрон» синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар табылып, тәркіленді.

Есірткі әзірлеу үстінде республикамыздың төрт азаматы ұсталып, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҰҚК биыл жыл басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арналарын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорларды тәркіледі.

Есірткі және психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына, сатылуына, сақталуына, әзірленуіне, өсірілуіне, өңделуіне және сатып алынуына қатысы бар қылмыстар заң талаптарына сай 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале