Қазақстанда "Аналар күні" мен "Әкелер күні" аталып өтеді. Тиісті түзетулер мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы қаулыға енгізілді. Құжатқа премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, "Аналар күні" мамырдың екінші жексенбісінде, ал "Әкелер күні" маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.
Аналар күні мен әкелер күні әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиелеу үшін аталып өтеді.
sputnik.kz