7.10.2020, 15:44
Оқылды: 114

Қазақстанда электр самокат пайдалану ережесі әзірленеді

Қазақстанда электр самокат пайдалану ережесі әзірленеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.

samokat

«Қазіргі уақытта депутаттар «Жол жүрісі саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына бастамашалық жасағандығын хабарлағым келеді. Онда самокаттар, электр самокаттары мен скутерлерді пайдалану бойынша түзетулер, өзгертулер және қосымшалар енгізу көзделген. Оның ішінде аталған қозғалыс құралын пайдаланатын тұлғалардың құқықтарымен қатар міндеттері де регламенттелетін болады. Толық ақпарат алу үшін аталған заң жобасын бастамашыларға, әзірлеушілерге жүгінген жөн», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Аталған баспасөз мәслихаты барысында ол елімізде 2020 жылдың 9 айында 8 933 жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 1 265 адам қаза тапқанын, 11 780 адам жарақат алғанын айтқан еді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале