Бұған дейін Президент «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойғанын айтқан болатынбыз.
Әлия Шалабекованың сөзінше, нормативтік-құқықтық актінің бірқатар жобасы қаңғыбас жануарлармен жұмыс істеуді реттеуге бағытталған.
Ол қаңғыбас жануарлармен жұмыс қалай реттелетінін айтты.
Заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда қаңғыбас жануарларды қайтарымсыз аулау практикасы тоқтатылады, ал олардың санын реттеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен стерильдеу жолымен ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте жануарларды аулаудың үлгілік қағидаларының жобасы шеңберінде иесі бар екенін білдіретін белгілері бар жануарларды стерильдеуге тыйым салу жоспарланып отыр, - дейді Экология вице-министр брифингте.
НҚА жобалары жануарларды тиісті жағдайларда ұстау мақсатында оларға арналған баспаналардың қызметін реттейді. Бұл - жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселесінде маңызды аспект.
baq.kz