Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық азамат жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН рәсімдеген.
"Азаматтардың ең көп саны: Өзбекстан - 91 454, Ресей - 74 371, Тәжікстан - 7896, Қырғызстан - 4470, Украина - 1520", - деді министрлік өкілдері.
Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН әртүрлі мақсаттарға қажет:
Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынады.