24.05.2022, 12:45
Оқылды: 49

Қазақстанда карантин кезінде бала туу көрсеткіші жоғарылады

Қазақстанда бала туу көрсеткіші жоғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EnergyProm мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

1

Мәлімет бойынша, бала туу көрсеткішінің жоғарылауы 2020 жылы басталған. Осы жылы елде 426,8 мың сәби дүниеге келген.

"2021 жылы бұл рекорд жалғасын тапты. Бұл жылы жаңа туылған нәрестелер саны бірден 446,5 мыңға жетті. Ал биылғы жылдың үш айында 95,6 мың туу туралы куәлік тіркелді, яғни 2022 жылы да туу көрсеткіші жоғары болады", - делінген хабарламада.

2021 жылы туу коэффициенті жаңа рекорд орнатты: 23,5, яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туылған нәрестеден келеді. Ал жиырма жыл бұрын коэффициент тек 14,91 болған.

"Сонымен қатар, туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті, яғни бір әйеллде орта есеппен 3-тен көп бала кбар дегенді білдіреді. Мұндай рекордтық көрсеткіш Қазақстанда соңғы екі жылда ғана тіркелді. 1999 жылы коэффициент бар болғаны 1,8 болған, яғни әрбір қазақстандық тіпті екінші баланы дүниеге әкелмеген еді", - деп мәлімдеді мониторингтік агенттікте.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале