Осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде қаруды заңсыз алу, пайдалану, өткізу және басқа да әрекеттерге байланысты 2 мың қылмыс тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 37,9 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Finprom.kz мәліметінше, құқық бұзушылықтардың көпшілігі, яғни 1,4 мың іс қаруды, оқ-дәрі, жарылғыш зат және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүруге байланысты болып отыр.
Мұндай заңсыздықтар өткен жылмен салыстырғанда 42,1 пайызға артып кеткен.
Сонымен қатар жиі жасалған құқық бұзушылықтардың қатарында қаруды заңсыз жасау (418 жағдай) және қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ұрлау немесе қорқытып алу (141 жағдай) бар.
Қаруды заңсыз алу, пайдалану, өткізу және қарумен басқа да әрекеттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар ішінде бір жылда ең көп өскені - қару мен оқ-дәріні ұрлау немесе қорқытып алу.
Мұндай қылмыс 9,4 есеге артып кеткен. Мұның себебі қаңтардағы оқиғалар байланысты.
Мұндай құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай өсімі Алматы (бір жыл бұрын 3 жағдай болса, биыл 31 жағдай) және Жамбыл (13 жағдай, былтыр 1 ғана жағдай) облыстарында да байқалды.
Қазақстанның 20 өңірінің 14-де ғана бұл салада құқық бұзушылықтар тіркелген.