14.02.2024, 11:45
Оқылды: 50

Қазақстанда киіктерді әуесқойлықпен аулауға рұқсат етілмек

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, "Охотзоопром" ӨБ” РМҚК, "Табиғат" РҚБ, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы өкілдерінің, сондай-ақ ғалымдардың қатысуымен өткен брифингте киік популяциясын басқару барысы талқыланды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстарды басқару министрлігі жазды.

6b6d82d01256c0d14094668640df1a4b_1280x720

Фото: gov.kz

Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының және халықаралық сарапшылардың ұсынысын ескеріп, Экология министрлігі 10-шы ақпаннан бастап киіктің санын реттеу жөніндегі жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда киіктер популяциясын сақтау және қалпына келтіру мақсатында мемлекет жануарларды қорғау және оларды есепке алу жүйесін құру жөнінде бірқатар шара қабылдады.

Бұл киік санын тұрақтандыруға және олардың популяцияларының құлдырауын тоқтатуға, популяцияларды орнықты даму деңгейіне дейін қалпына келтіру үшін объективті негіз құруға және олардың көбейетін ресурстарын кәсіпшілік пайдалануға мүмкіндік береді.

ЖПК автор Нурлыбек Рахманов

Фото: авторы Нұрлыбек Рахманов

Нәтижсесінде 2003 жылы киік саны 21 мың болса, 2023 жылы 1 миллион 915 мың басқа дейін (2023 жылдың көктемгі санақтың есебіне сәйкес Қазақстандағы ақбөкендердің болжамды саны 1 915 000 басты құрады және ҚСРО кезеңінің ең көп саны 1 200 000 бастан асты) жетті. Болжамды деректер бойынша 2023 жылдың соңында ақбөкендердің жалпы саны төлдерін қоса есептегенде шамамен 2,6 миллион болған. Оның ішінде Орал популяциясы 1,5 миллионнан астам. Ал жыл сайынғы 40%-ға өсетін болса, 2025 жылдың соңына қарай киік 4,2 миллионға жетеді.

Орал және Бетпақдала популяцияларындағы киік санының едәуір артуымен қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, сондай-ақ Қазақстандағы киікті аулаудың тарихи тәжірибесін ескеріп, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдары киік санын басқару бойынша биологиялық негіздеме әзірледі.

Жануарлардың санын реттеу кезеңінде ауланған киіктің жалпы саны - 42000 бас болды.

2024-2026 жылдарға киік популяциясын тұрақты пайдалану жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жоспарланды.

Биылдан бастап министрлік спорттық және әуесқой мақсатта киікті тұтынуға байланысты мәселелерді пысықтап жатыр. Киіктерді ату үшін әуесқой (спорттық) аң аулау саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер қабылданғанға дейін мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және жұртпен бірге талқыланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале