18.10.2023, 12:30
Оқылды: 65

Қазақстанда көлік салығы жойылмайтын болды

Елімізде көлік салығы жойылмайтын болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Kazinform.

ЖП АҚША

«Ендігі уақытта көлік салығына қатысты мәселе талқыланбайды. Ол қала береді», – деді министр Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын жою мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.

«Бұл мәселе жаңа Салық кодексі аясында талқыланып жатыр. Ол сән-салтанат салығымен бірге кешенді түрде қарастырылады. Шынымен де көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Бірақ, оны тыңғылықты қарастырған жөн. Өйткені, біз саралаймыз. Көлік салығы қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін жою көзделетін шығар. Қазір қосымша есептеулер жүргізіп жатырмыз», - деген еді Азамат Әмрин Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале