Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 14 096 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 1 010 бала бар.
Каналда жарияланған ақпараттарға қарағанда, осы уақытта еліміздегі стационарларда 3 687 науқас жатыр, 10 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 241 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 39 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.
inform.kz