26 желтоқсандағы мәлімет бойынша 17 711 адам коронавирус инфекциясынан (15 616 КВИ+ және 2 095 КВИ-) ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде 2 759 пациент стационарда, 15 952 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 236 адамның жағдайы ауыр, 63 пациенттің жағдайы өте ауыр, 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.