31.03.2022, 16:50
Оқылды: 20

Қазақстанда қылмыстық активтерді қайтару органы ашылады

Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі басқа қойылған міндеттерінің арасында жауапкершіліктің бұлтартпастығын және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қайтаруды қамтамасыз ету қажеттілігін атап көрсетеді.

"Қылмыстық активтерді қайтару (Қазақстанға. - Ескерту) қаржы мониторингі жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады. Барлық қылмыстық қудалау органдарында параллельді қаржылық тергеулер жүргізетін бөлімшелер енгізіледі. Мұндай бөлімшелердің тергеушілері тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Қылмыстық активтерді қадағалау, анықтау, тыйым салу, қамауға алу және тәркілеу бойынша біліктіліктерін арттырады", - деп жазады басылым.

Қазақстанда активтерді қайтару бойынша ұлттық үйлестіруші құрылады.

"Оның құзыретіне активтерді қайтару саясатын әзірлеу, оны іске асыру үшін қажетті құқықтық негізді қалыптастыру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту кіреді. Оны құру Қазақстанның және осындай бөлімшелер жұмыс істеп тұрған көптеген дамыған елдердің юрисдикциялары арасындағы сенім мен жақындықты ынталандыратын болады", - деді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ведомствода бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде көзделген негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізудің қисынды жалғасы болатынын айтты.

 

"Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, барлық тыйым салынған,  тәркіленген, қайтарылған активтер туралы статистикалық деректерді орталықтандырылған жинау моделі әзірленетін болады. Заңсыз қаржы ағындарының көлемін есептеу әдістемесі әзірленіп, оларды одан ары тұрақты мониторингтеу енгізіледі", - делінген тұжырымдамада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале