16.02.2022, 12:00
Оқылды: 42

Қазақстанда қысқы спорт түрлеріне арналған бағдарлама әзірлеу ұсынылды

Елімізде бірнеше қысқы спорт түрі бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу керектігі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220216110619365a3900048i

«Фристайлдан акробатиканы елімізде бұрыннан бар, дамыған спорт түрі деп айта алмаймыз. Дегенмен соңғы жылдары спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Алға жылжу бар, бұған дейінгі олимпиададан 20-шы орындар алып жүрсе, Бейжің олимпиадасында Ақмаржан қызымыз 11 орын алса, Жанбота 13-ші болып келді. Үлкен жетістікке жету үшін әлі де жұмыс істеу керек», - деді Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Бейжіңмен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ұлттық олимпиада комитетінің өкілі Қазақстанда фристайлдан акробатика спорт түрін дамыта түсу керектігін еске салды.

«Аталған спорт түрін бұқаралық ету жағын қарастыру керек. Себебі чемпиондар халықтың арасынан шығады. Балалар спортын жетілдіре түскен жөн. Белгілі бір спорт түріне кішкентайынан баулу қажет. Ол үшін спорттық мектептердің санын көбейтіп, жаттықтырушыларға жағдай жасалуы тиіс. Әсіресе балалардың дайындайтын спорт жаттықтырушыларына назар аударылса. Фристайлдан акробатика, фристайл-могул, коньки, шорт-трек болашағы бар қысқы спорт. Ол үшін арнайы бағдарлама әзірлеу, сол арқылы ілгерілете түскен абзал», - дейді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале