Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында
24 Қаңтар 2023

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»
24 Қаңтар 2023

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы
23 Қаңтар 2023

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы

Дамир – ел кубогінің иегері
22 Қаңтар 2023

Дамир – ел кубогінің иегері

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген
21 Қаңтар 2023

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?
19 Қаңтар 2023

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?

Қазақстанда мектеп формасы 30%-ға қымбаттады

Мектеп формасының құны былтырғымен салыстырғанда 25-30% қымбаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

2

Елорда тұрғыны Сәмен Асхат – 3 баланың әкесі. Жылда 2 баланы мектепке дайындап жүрсе, биыл оған кенжесі қосылды, 1 сыныпқа барады. "Мектеп киімдері қымбат" дейді ол.

"Әр балаға кем дегенде 100 мыңдай керек. Киім өте қымбат. 1- сыныпқа баратын ұлымның формасының өзі 40 мыңнан асады. Аяқ киімнің өзін жаңа 20 мың теңгеге алдық. Амал жоқ, аламыз", – дейді Сәмен Асхат.

Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Тауарды Қырғызстан, Қытай, Түркиядан алдырып келеді, ал отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасының өзі қалтаға ауыр тиетінін айтады.

"Көтерме бағасының өзі 12-13 мың, сосын біз оны қаншадан сатамыз? Ол кішкене қолжетімді баға болу керек қой", – дейді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.

Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 процентке қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің (юбка) құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.

"Ең қымбаты Түркия мен Пекин болып тұр. Бішкек қолжетімді. Бірақ соның өзінде былтырғы бағамен салыстырғанда 25-30 пайызға өскен. Қымбат бағасы", – деп толықтырды Сағадат Көмекбаева.

Оқу-ағарту министрлігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші.

"Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар министрліктің 26-бұйрығына сәйкес сақталып қалды", – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылуда. Сатып алатын өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды. Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқылануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале