11.11.2022, 15:30
Оқылды: 33

Қазақстанда мектеп оқушыларын тамақтандыру жүйесі өзгереді

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

e135b4850c4845ea89ecac39f1b4ce80

Осылайша, мектептерге оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың баламалы нұсқаларын таңдау мүмкіндігін беру ұсынылады.

Осыған байланысты мектеп асханасында құрал-жабдықтар мен тиісті жағдайлар болған кезде оқушыларды тамақтандыруға арналған тауарларды асхана меңгерушілерінің, аспазшылардың, асхана қызметкерлерінің штаттан тыс бөлімшелерін енгізу арқылы конкурстық негізде сатып алуға болатыны туралы жаңа тармақ қосылды. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша.

Сонымен бірге, отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында азық-түлік өнімдерінің кемінде 60 пайызы өзімізде өндірілуі тиіс деген баптар ережеден алынып тасталды.

 Түсіндіргендей, бұл Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан Республикасының ішкі нарығында кедергілердің бар екендігі туралы қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ережелерге мектептер өздерімен бірге әкелінетін тағамдарды жеуге қажетті жағдай жасайды деген талап қосылды.

Бұл ретте, сатып алынатын азық-түлік өнімдері Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс екендігі атап өтілді.

Құжат 25 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале