Елімізде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында жаңа көшбасшы-басқарушылар дайындалуда. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 13 796 адам қатысуға өтініш беріп, оның ішінде құжаттары бойынша 4 950 педагог іріктеуден өткен.
Фото: gov.kz
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
«Бүгінгі таңда тестілеуден сәтті өткен 567 педагог оқытудан өтуде (24 - мектепке дейінгі білім беру, 496 - орта білім, 47 - ТжКБ). Биыл үміткерлер білім берудің үш деңгейі - мектепке дейінгі, орта білім және техникалық, кәсіптік білім беру бойынша оқиды»,- дейді Орта білім комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсембаева.
Айта кетейік, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар республикалық кадр резервіне бір жылға қосылады, содан кейін олар алған білімдерін еліміздің білім беру мекемелерін басқаруда қолдана алады.