14.06.2024, 10:00
Оқылды: 102

Қазақстанда петицияға қол жинау межесі 50 мыңнан әрі көтеріле ме?

Өтінішті Үкімет қарауы үшін петицияда 50 мың қол жинау шегі көтеріле ме? Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

C5145308-E980-4B7F-B653-E730C0EE4C96

Сурет Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жеке парақшасынан алынды

«Мұндай сұрақтар қоғамда қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Бір-бірімен келіспейтін тараптар қазірдің өзінде дауыс беру межесін және өтінішті қарайтын мемлекеттік органдардың санын ұлғайту керек деген уәж айтып отыр. Әрине, бұл ұсыныстарды қарауға мәжбүр боламыз. Біз қандай да бір мәселенің шиленіске әкелуіне жол бермеуіміз керек. Сондықтан азаматтардың пікірін тыңдау маңызды», - деді А. Балаева Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министр кейінгі апталарда петицияны қарау үшін дауыс жинау шегін ұлғайту мәселесі көтеріліп жатқанын айтты.

Еске салсақ, Қазақстанда онлайн петиция сайты іске қосылды.

Мәселен, жақында утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады, енді оны Үкімет қарайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале