11.04.2022, 9:00
Оқылды: 49

Қазақстанда Pfizer екпесін 1 миллионға жуық азамат салдырды

10 сәуірге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін – 9 465 962, 2-компонентін 9 198 853 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210715201653673a3812837i

Ведомствоаралық комиссияның жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратына қарағанда, Pfizer екпесінің 1-дозасын – 985 053 азамат, 2-дозасын 854 008 тұрғын салдырды.

Оның ішінде алғашқы компонентімен 794 847 жасөспірім, 36 514 жүкті әйел, бала емізетін 130 546 әйел қамтылса, 2-компанентін 710 976 жасөспірім, 31 073 жүкті әйел, бала емізетін 110 774 әйел қабылдаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале