23.09.2022, 11:00
Оқылды: 35

Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды

Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге президенттікке кандидаттардың кез келген саны ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9bdce5c1732049e6a6ce20756668206c

Елімізде Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну басталды.

Үміткерлер 11 қазан күні сағат 18:00-ге дейін елді басқаруға ниет білдіре алады.

Кандидаттар Орталық сайлау комиссиясында мына құжаттарды ұсынған күннен бастап бес күн ішінде тіркеледі:

кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелер;

кандидаттың сайлауға түсуге келісімі туралы өтініші;

кандидаттың сайлау жарнасын қосқанын растайтын құжат.

Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет..

Әрбір кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының жарамды қолы жиналуы тиіс.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

ҚР азаматы болуы;

ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

жоғары білімінің болуы;

жасы 40-қа толған болуы;

белсенді сайлау құқығының болуы;

мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Тіркеуге президенттікке кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.

Президенттiкке кандидат тiркелген күннен бастап кез келген уақытта және дауыс беруге екi күн қалғанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркелгенге дейiн және тiркелгеннен кейiн кез келген уақытта ОСК-ға тиiстi ұсыныс енгiзу арқылы президенттiкке кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале