26.04.2021, 10:41
Оқылды: 18

Қазақстанда «QazVac» препаратымен вакцинация басталды

Қазақстанда отандық «QazVac» препаратымен вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып тікелей эфирде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егілді.

в

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері «QazVac»-тың алғашқы партиясы қоймаларға жеткенін хабарлады. 6 мыңнан аса доза, оның ішінде бірінші және екінші компонент келді. Нұр-Сұлтан қоймаларында "Спутник-V"-мен бірге жалпы 55 мың доза бар.

Басқарма басшысы Тимур Мұратов тұрғындар қай вакцинаны салдыратынын өзі таңдай алатынын атап өтті. Оның айтуынша, тәулігіне 6 мыңға жуық астаналық егіледі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой №9 қалалық емханада вакцинацияланды, онда отандық препараттың 300 дозасы жеткізілген. Вакцина бірреттік, яғни бір адамға бір құты.

Министрге 30 минут демалуға кеңес берілді. Вакцина салынған жерге үш күн су тигізуге болмайды. Осы уақыт аралығында адам әлсіздік сезуі мүмкін. Сонымен қатар, алкоголь ішпеу ұсынылды.

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале