Нөмір тіркелмегендіктен, оларды табу да оңай емес. Алаяқтар тіпті цифрлық даму министрін де жиі мазалайды екен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Иә, маған да алаяқтар хабаралсады. Бірақ мен өте қарапайым тактика қолданамын. Алаяқ екенін білген бойда, оларға қазақша жауап беремін. Амалсыздан телефонын қоюға мәжбүр болады, - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Қазір құзырлы мекемелер мен жекеменшік операторлар бірігіп алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Өйткені алаяқтар ұялы телефонды қойып, үй нөміріне де хабарласа бастаған. Сондықтан бұдан былай жаңа сим-карта аларда немесе нөмірді тіркегенде, міндетті түрде биометриялық ақпарат сұралады. Адамның бет-жүзі сканерден өткізіліп, анықталады. Бұл талап ескі нөмірлерге де қатысты.