Қазақстан туберкулез дертінің айтарлықтай төмендеу қарқынын көрсетіп отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісі барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынаша, Қазақстанда туберкулезге шалдыққандар көрсеткіші соңғы 10 жылда 2,3 есеге төмендесе, өлім-жітім 4,1 есеге азайған. Ал, 2021 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда өлім-жітім 35,9 пайыз болды. Сонымен қатар, профилактикалық тексерулердің арқасында 0-ден 17 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы төмендеді.
«Біздің елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін жүргізіледі. Қазақстан бюджет қаражаты есебінен халықаралық стандарттарға сәйкес туберкулезді ерте диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың ең заманауи әдістерін енгізген санаулы елдердің қатарына жатады. Туберкулезді ерте анықтау үшін ДДҰ ұсынған және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді бактериологиялық және молекулярлық-генетикалық диагностикалаудың жеделдетілген әдістері енгізілді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры.
Спикер бүгінде ауруды тез диагностикалауға арналған жабдықпен барлық аймақтық туберкулезге қарсы мекемелер мен аудандық деңгейдегі зертханалар (барлығы 128 xpertmtb/RIF аппараттары) қамтамасыз етілгенін айтты.
Туберкулез жағдайларының 99,9%-ы диагностиканың жаңа жедел әдісінің арқасында анықталады.
«Елімізде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, 2021 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш анықталған науқастар арасында ол 87,5%-ды, ал дәріге төзімді туберкулез – 82,5%-ды құрады, бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келеді», - деп толықтырды Мәлік Әденов.
Спикердің сөзінше, мұндай көрсеткіштерге туберкулездің таралуына жол бермеу жөніндегі негізгі шараларды күшейту арқасында қолжетті.
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының алдын алу және емдеуден басқа, олар қоғамда науқастарды кемсітпеуге қамқорлық жасайды.