20.05.2020, 15:07
Оқылды: 112

Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар 15 пайызға артты

Қазақстанда соңғы аптада коронавируспен сырқаттану деңгейі 15 пайызға артқаны байқалды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

74990DA3-998A-455D-874D-17CDD6A2733B

«Әлемде коронавирустық инфекция бойынша сырқаттану жағдайы әлі де тұрақсыз. Ауырғандардың саны өсіп отыр. Бүгінгі күні әлемде барлығы 5 миллионға жуық адам ауырып, оның ішінде 324 мың адам қайтыс болды. Бүгінгі күнге Қазақстанда 6 969 жағдай тіркелді. Күнделікті емделіп шыққан адамдардың саны артып келеді. Барлығы 3 649 адам жазылып шықты. Бұл ауырғандардың 50 пайызын құрайды. Соңғы тәулікте елде 218 жаңа жағдай тіркелді. Өсу қарқыны 3,2 пайызды құрады. Оның ішінде 25-і науқастармен байланыста болғандар, 28-і скрининг барысында анықталғандар, 21-і ауруханаға жүгінгендер, 17-сі сырттан әкелгендер», - деді Бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның атап өтуінше, соңғы апта ішінде елімізде коронвируспен сырқаттандану өсімі 15 пайызға жетіп отыр. «Бұл ең алдымен коронавирус инфекциясына тест өткізу көлемінің артуымен байланысты. Коронавирус инфекциясы тіркелген сәттен бері бүгінгі күнге дейін 559 мыңнан астам тест жасалды. Наурыз айымен салыстырғанда тәулік ішінде тестілеу саны 6 мыңнан 23 мыңға дейін ұлғайды. Бұл тәуекел тобына кіретін тұлғалар арасында скрининг жүргізу арқылы науқастарды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізуімізге мүмкіндік берді», - деді Айжан Есмағамбетова.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале