9.12.2021, 16:00
Оқылды: 47

Қазақстанда сот корпусы жаңартылады

Бүгін Парламент«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
6

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі және хатшысы Қанатбек Сафиновтің айтуынша, заң жобасына енгізілген түзетулер судьялар корпусының кәсібилігін арттыру және сот жүйесіне құқықтың тар салаларының мамандарын тартуды, сонымен қатар судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру және сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеуді көздейді.

Енді сот жүйесіне құқықтың тар аядағы салалары бойынша білікті мамандарды тарту жөніндегі ереже заңнамалық тұрғыдан бекітіледі. Ол үшін үміткерлер мамандандырылған біліктілік емтиханын тапсырып, бөлек конкурстан өтуі тиіс.

Бірінші блок бойынша неғұрлым күрделі салаларда маманданған судьялыққа кандидаттар мамандандырылған біліктілік емтиханын тапсыруды қамтитын жеке конкурстан өтетін болады. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия Жоғарғы сот Кеңесімен алдын ала келісілгеннен кейін Жоғарғы соттың жалпы отырысы бекітетін тиісті әдістеме негізінде судьялардың кәсіби қызметіне бағалау жүргізеді.Қанатбек Сафинов

Ол аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде шалғайдағы немесе құрамы аз соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьяларға басымдық берілетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, жауапкершілікті арттыру мақсатында судьяны тәртіптік жазаға тарту мерзімдері теріс қылық анықталған кезден бастап үш айдан бір жылға дейін және ол жасалған кезден бастап бір жылдан екі жылға дейін ұлғаяды.

Сенатордың айтуынша, заң жобасына енгізілетін түзетулер судьялардың кәсіби білімі мен іскерлігінің деңгейін арттыруға және судьялар корпусының сапалық құрамын жақсартуға, сот жүйесінің қаржылық тәуелсіздігін және ақша қаражатын бөлу мәселелерін шешуде судьялардың өзін-өзі басқару органдарының дербестігін нығайтуға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң да Палата отырысында екі оқылымда қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале