7.11.2022, 17:45
Оқылды: 42

Қазақстанда сотталғандар өтемақы қорына 2 млрд теңге төледі

Елімізде жәбірленушілерге өтемақы қорынан 30-50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төленеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің басшысы Алмаз Мұхаметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, құжаттар тергеу басталғаннан кейін бірден дайындалады. Екі ай мерзімнен аспауы тиіс.

«Осы уақыт ішінде тергеу жүргізетін орган тиісті құжаттарды қазынашылыққа тапсырып, жәбірленуші өтемақы алуы керек. Тағы бір жайт, өтемақы қорына ақша төлегені үшін сотталушы жәбірленуші тарапынан қойылатын талаптарды өтеуден босатылмайды. Жәбірленушіге қордан берілетін төлем мөлшері - 30-50 АЕК. Өтемақы қорында сотталғандардан өндіріп алынған қаражат - шамамен 2 млрд теңге. Ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу үшін жеткілікті», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале