19.04.2023, 9:53
Оқылды: 27

Қазақстанда сыртқы сауда айналымы 32%-ға өскен

Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп жазады Үкіметтің telegram  каналында.

IMG_20230419_092415_286

 Бүгінгі таңда ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолына шығып отыр.

 Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құрады.

Елімізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды. ?

Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, $134 млрд болды.

 Оның айтуынша, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға артып, 1,8 млн-нан асты.

 Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға өсіп, 3,9 млн адамға жетті.

 Нәтижесінде экономикадағы ШОБ үлесі қазірдің өзінде 36%-ды құрады (бір жыл бұрын 33,5%).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале