Қызылшадан екі бала қайтыс болды. Екі жағдайда да бір жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Сенатта денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өлім-жітіммен аяқталған жағдайға келетін болсақ: екі өлім оқиғасы тіркелді - Астанада және Шығыс Қазақстан облысында. Бұл бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туылған, патологиялар болды, оның үстіне қызылша жағдайын ауырлатты", - деді Есмағамбетова.