4.01.2023, 14:45
Оқылды: 43

Қазақстанда тәулік ішінде жолда қалған 690-нан астам адам құтқарылды

Елімізде ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) байланысты 72 жол учаскесі жабылды, оның 40-ы республикалық, 32-сі облыстық маңызы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3

Жолдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, мұндай штабтар облыстарда да (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Жетісу облыстары) жұмыс істейді.

Бақылау бекеттерінде 1000-нан астам көлік жиналып қалған.

Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 691 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала бар, 145 техника қар құрсауынан шығарылды.

4

Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пунктері ұйымдастырылған, сонымен қатар эвакуациялау техникасы дайын тұр.

Уақытша жылыту орындарында 179 адам болса, оның 16-сы балалар.

Тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту мақсатында 232 смс хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 114 хабарлама жіберілген.

5

Құтқару жұмыстарына барлығы 4 мыңға жуық адам мен Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және Ішкі істер министрлігінің 1300-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері Түрген шатқалынан Алматы қаласына 37 көлікті шығарып салуда.

Жол қызметі жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

6

Фото: gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале