
Сурет: istockphoto.com
"Қазтелерадио" АҚ хабарлауынша, профилактикалық жұмыстар 2026 жылғы 22 шілдеге жоспарланған. Бұл күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады.
Өшіру бүкіл Қазақстан аумағындағы жерсеріктік, цифрлық эфирлік және аналогтық теледидар желілерін, сондай-ақ радиохабар таратуды қамтиды. Көрсетілген кезеңде пайдаланушыларда телеарналар мен радиостанциялар қолжетімсіз болуы мүмкін.
"Қазтелерадио" АҚ-да жұмыстардың жоспарлы түрде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
"Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты және сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет", - деп атап өтті компания.
Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін телеарналар мен радиостанциялардың көрсетілімі әдеттегі режимде қалпына келтіріледі. Сондай-ақ компания көрермендер мен тыңдаушылардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.