4.04.2022, 12:40
Оқылды: 91

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жаңа түрі пайда болды

Елімізде азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуде жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220404132346510a3918740i

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полиция қызметін цифрландыру шеңберінде биыл сәуірден бастап «Halyk Homebank» мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жаңашылдық қазақстандықтарға 5 минуттың ішінде тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге мүмкіндік береді», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ІІМ өкілі аталған жаңашылдықты қолданудың жолын айтып берді.

«Смартфоныңызға «Halyk Homebank» мобильді қосымшасын жүктеп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде – «Халықты тұрғылықты жері бойынша тіркеу» тармағын таңдап, тіркеу түріне, тіркеу мерзіміне, қызмет алушының мәртебесіне байланысты жолдарды толтыру жеткілікті. Жалпы, біздің министрлік ұсынатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру жұмысы жалғасын табуда», - дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінде ішкі істер министрлігі ұсынатын 40 мемлекеттік қызметтің 38-і автоматтандырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале