20.07.2022, 17:45
Оқылды: 54

Қазақстанда т/ж билетін онлайн сатып алу жиіледі

Қазақстанда сатылған теміржол билеттерінің үштен бірі онлайн түрде алынған. Биыл жарты жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарға 11 миллионнан аса билет сатқан, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

photo_101951

Электрондық билеттерді сатудың ұлттық жүйесіне көшумен 15 интернет-сайт, 30 мыңға жуық өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары, пошта бөлімшелері және тағы басқа жолдар арқылы өткізу арналары кеңейтілді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында "Күту парағы" қызметін 196 494 адам пайдаланды (өткен жылы осы кезеңде – 77 728).

"Бұзушылықтарды, атап айтқанда жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайта сатуды болдырмас үшін, 2019 жылдан бастап орынды брондау фактісін растау бойынша электрондық "Күту парағы" және SMS-тарату қызметі енгізілді. Билетті қайтарған кезде жүйеге түсіп, автоматты түрде алдымен "Күту парағына" жіберіледі, яғни тапсырылған билетті бірден сатып алу мүмкін емес. "Күту парағына" кезек адам факторынсыз автоматты түрде жасалады. Теміржол билеттерін сатудың заманауи электрондық жүйесі авторландырылған пайдаланушыларға басқа жолаушыға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді", - делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан басқа, қажетті жөнелту күніне билет болмаған жағдайда, жолаушылар "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында қолжетімді "толассыз" билет сату қызметін пайдалана алады. Бұл қызмет клиентке Қазақстан ішінде қозғалыстың бірнеше кезеңдерінен тұратын оңтайлы маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.

"Ұлттық тасымалдаушы билеттерді сатып алу кезінде жолаушыларды бөгде адамдардың күмәнді қызметтерін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз қайта сату фактілері кезінде белсенді азаматтық ұстаным танытуға және құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап билеттерді қайта сату үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді (айыппұл сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды)", - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале