17.01.2024, 11:15
Оқылды: 68

Қазақстанда ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсына өтінім қабылдау басталды

"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурстың басталғанын хабарлайды", - деп жазады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

691052afa171bf59546f8c44a7d5c80a_1280x720

Фото: www.gov.kz

Конкурстың шарттары бойынша қатысушылар жобаларын 3 сала бойынша ұсына алады:

  • Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  • Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Конкурс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 20 қысқа мерзімді грант, 2 орта мерзімді грант және 1 ұзақ мерзімді грант беру көзделген.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер Операторға  11 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша), ұзақ мерзімді гранттарға – 11 қаңтар мен 14 ақпан аралығында 18.30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) енгізіледі.

Конкурстық өтінімдер [email protected] электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.

Конкурс жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.

Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден,:

Конкурс туралы толық ақпаратты оператордың cisc.kz сайтынан, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады +7705 247 47 22

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале