4.04.2022, 11:30
Оқылды: 24

Қазақстанда ветеринар дәрігерлердің жалақысы қандай көлемде өседі

Аграрлық сектордағы ең төменгі жалақы алатын мамандықтардың бірі - ветеринарлық дәрігерлер. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210330165335750a3769971i

«Республика бойынша мал дәрігерлерінің орташа жасы 40-55 жасты құрайды. Ветеринарлық секторда жас, жоғары білікті кадрлар жетіспейді. Қазіргі заманғы қоғамның үрдістерімен тең табыс табу мүмкіндігінің болмауы, жұмыстың қиындығы, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның дамымауы жас мамандардың мал дәрігері кәсібіне деген қызығушылығын төмендетті», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік тапсырысты орындау үшін тарифтерді көтеру есебінен республика бойынша орта есеппен ветеринариялық мамандардың жалақысы 33,4%-ға өсті. Жыл соңына дейін одан әрі 60%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта коммуналдық ветеринарлық кәсіпорындардың орташа айлық жалақысы өңірлерге байланысты 80 мыңнан (Қызылорда облысы) 206 мыңға дейін (Павлодар облысы) теңгені құрайды. Алайда, бұл жеткіліксіз», - деді министр.

Бұл мәселелерді шешу үшін келесі іс-шаралар ұсынылды:

1. Бәсекелестік секторы жоқ жерлерде коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар көрсететін ақылы қызметтер көлемін ұлғайту. Ол үшін барлық жерде ақылы қызмет түрлерінің тарифтері бекітіледі.

2. Тиісті заңнамалық базаны қабылдай отырып, келесі жылдан бастап коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар ветеринария мамандарының лауазымдық жалақысына 50%-дық қосымша үстемақы және зиянды еңбек жағдайлары үшін (патогендігі 1-ші және 2-ші санаттағы биоагенттермен жұмыс істеу) мемлекеттік коммуналдық мекемелердің базалық лауазымдық жалақысына 140%-дық қосымша ақы төлеу, сондай-ақ сауықтыру жәрдемақысы ретінде 2 лауазымдық жалақы төлеу. Бұл шаралар мал дәрігері кәсібінің тартымдылығы мен беделін едәуір арттырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале