Жыл сайын бүкіл әлемде «World Cleanup Day» акциясы өтеді. Бұл – қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн, деп жазады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Сурет: freepik.com
Маңызды оқиға қоршаған ортаны таза етуге көмектеседі және табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсетеді.
Қазақстан осы әлемдік бастамаға белсенді қатысады. Биылғы жылы «World Cleanup Day» акциясы 21 қыркүйекте өтеді. Іс-шара республиканың барлық өңірінде ұйымдастырылады.
«Біз барлық азаматтарды таза қоршаған орта үшін күреске белсенді қатысуға және өз үлестерін қосуға шақырамыз», - делінген министрліктің хабарламасында.