23.08.2023, 10:45
Оқылды: 90

Қазақстанда заңсыз қызмет еткен «1WIN» халықаралық онлайн-казиносының қызметі тоқтатылды

Елімізде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған «1WIN» ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.  Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ЖП ақша

Тергеуді ҚМА-ның Алматы облысындағы лепартаменті бастады.

Аталған ұйым  Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде қызмет атқарған.

Мыңдаған жерлесімізді заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған.

Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес елде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған. Ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады.

Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеті жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале