24.03.2022, 12:41
Оқылды: 70

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты аукционға өтініш қабылдау басталды

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізуге арналған өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

40B4CA55-69F9-413A-AE1F-286D6731773C

«Жер қойнауы пайдалану құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ электрондық аукциондар операторының сайтында бере алады (www.gosreestr.kz). ҚР Энергетика министрлігімен келісілген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілді, оған аукцион негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін 60 жер қойнауы учаскесі енгізілген», - делінген Энергетика министрлігі мәліметінде.

Аукционды өткізуге арналған өтініштер қаралғаннан кейін ,ҚР Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион өткізу туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) жарияланады.

«Хабарламада сіздер мынадай ақпараттармен таныса аласыздар: географиялық координаттар, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар және олардың бағалау құны туралы, сондай-ақ аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімдері, аукционды өткізу күні мен уақыты.

Аукционға қатысуға арналған өтініштер Энергетика министрлігінің сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде қабылданады (Кодекстің 95-бабының 4-тармағы). Аукционды өткізу күні хабарламада көрсетіледі», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале