Қазақстандағы автоХҚО-лардағы техникалық ақау жойылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Техникалық ақауға байланысты 29 қыркүйекте автоХҚО-да жүргізуші куәлігін алғаш рәсімдеушілер және қосымша санат алушылар үшін мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болған. Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі үшін емтихан тапсыра алмады.
Қазірде ақау жойылып, жүргізуші куәлігін алу қызметі қалпына келтірілді.