1100-ден астам мемлекеттік мекеме (мектептер, балабақшалар, ауруханалар, балалар үйі және т.б) азық-түлікті жоғары бағамен сатып алған. Бұл туралы қаржы мониториңі агенттінің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылы Қаржы мониториңі агенттігі азық-түлік бағасын көтерген 817 жағдайды анықтаған. Оларға қатысты материалдар өңірлік комиссияларға тапсырылды.
685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарты қайта қаралып, нәтижесінде 370 миллион теңгеден астам қаржы үнемдеуге себін тигізді.
Агенттік мемлекеттік мекемелердің азық-түлік сатып алу қызметін қадағалап, «алып-сатарлық» схемаларды анықтауға бағытталған жобаны жүзеге асырып отыр. Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 миллион теңге көлемінде айыппұл төленді.
Осылайша Ақтөбе облысының 80 балабақшасында ҚМА Департаменті қабылдаған шаралары нәтижесінде қарақұмық, картоп, сәбіз, қант, жұмыртқа және тұздың бағасы төмендетілді.
Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмықтың бағасын 500%-дан астам көтеріп жеткізіп берген.
Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмық, қант, пия, картоп және жұмыртқаны 180%-ға дейін үстемақы қосып сатып алғаны анықталды.
ҚМА Департаментінің араласуынан кейін Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік мекемеде қосымша келісімшарт жасалып, нәтижесінде 60 миллион теңгеге жуық қаржы үнемделді.
Астанада және Қарағанды облысында 175 балабақшада да жүргізіліп, 100 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді.