29.08.2023, 16:45
Оқылды: 3

Қазақстандық 18 жастағы теннисші әлемдік рейтингте 36 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 4-орынға тұрақтаса, Юлия Путинцева 79-дан 78-ге көтерілді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

kazakstandyk_18_zhas_1693272478

Фото: ktf.kz

18 жастағы Аружан Сағындықова рейтингте күрт жоғарылап келеді. Ол бұл жолы 871-ден бірден 36 сатыны аттап өтіп, 835-ке шықты.

Жұптық сында Анна Данилина 28-ден 29-ға төмендесе, Жібек Құламбаева 178-ден 176-ға ауысты.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде пәлендей өзгеріс жоқ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орнында қалды. Тимофей Скатов 128-ден 129-ға түсті. Михаил Кукушкин 243-тен 242-ге көтерілсе, Бейбіт Жұқаев 260-тан 263-ке, Денис Евсеев 270-тен 271-ге, Дмитрий Попко 380-нен 381-ге, Григорий Ломакин 1057-ден 1060-қа сырғыды.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-інші, Андрей Голубев 73-орнынан жылжыған жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале