26.02.2022, 18:04
Оқылды: 13

Қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару тегін жүзеге асырылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Украинадан отанына оралуын ұйымдастырумен айналысуда. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
PDf0eEouSgKZAQvKRpUr0engV6h4R00sWGQaZr3w

- Хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Украинадан отанына оралуын ұйымдастырумен айналысуда. Украинада жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Қазақстанның Киевтегі Елшілігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «жедел желі» ашылды. Қазақстан Республикасының Днепр, Львов, Одесса және Харьков қалаларындағы құрметті консулдары да тартылған. Бұл кешенді жұмысқа Польша, Молдова, Беларусь елдеріндегі шетелдік өкілдіктеріміз де қосылды. Ел басшылығы азаматтарымыз үшін репатриация рейстерін тегін ұйымдастыру туралы шешім қабылдады, - делінген СІМ хабарламасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале