11.11.2020, 9:39
Оқылды: 25

Қазақстандық БАҚ бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Astana Media Week 2020» ашылуында сөз сөйледі.

балаева

«Жалпы пандемия ақпарат саласына өз әсерін тигізді. Яғни, жарнама берушілер азайып, шығарылымдардың данасы түсіп кетті. Осындай жағдайда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жабылуға мәжбүр болды», - деген Аида Балаева қазіргі уақытта БАҚ құралдары арасында артып келе жатқанын атап өтті.

Министрдің айтуынша қазіргі уақытта қандай БАҚ болсын сағат сайын оқырман мен көрерменнің ықыласын аудару бәсекесі жүріп жатыр. «Сондықтан әрбір арна сапалы әрі қызықты контент жасауды ойлайды. Әлеуметтік желілер арқылы жұмысын көрсетуге тырысады. Бұл ретте біздің БАҚ жоғары біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді. Олар өздерінің аудиториясы әр уақытта қызықты болуын тілеймін. Қызықты материалдар ұсынып, көрермендердің жүрегінен жол табуына тілектеспін», - дейді Аида Балаева.

Еске сала кетсек елордада Astana Media Week 2020 өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту мен индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты аймақтық және халықаралық деңгейде ілгерілету. Медиаапталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап келеді және өзекті т ақырыптар талқыланады.

 

inform.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале