27.08.2022, 20:28
Оқылды: 38

Қазақстандық боксшы ММА жекпе-жегінде 67 секундта жеңіске жетті

Алматыда аралас жекпе-жектен Octagon 34 турнирінде қазақстандық Райымбек Асан (1:0) мен тәжік боксшысы Әли Шоев (1:1) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

220827200618767e

Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған. Нәтижесінде Асан қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Қазақстандыққа ол үшін небары 67 секунд қажет болды.

Осылайша, Райымбек Асан кәсіпқой ММА мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Әли Шоев екінші рет жеңіліске ұшырады.

Фото: sports.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале