Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: sports.kz
Жастар арасында әлем чемпионы С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен жұдырықтасты.
Жекпе-жек Санжардың айқын басымдылығымен өтіп, ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті.
Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады.