Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Қазақстандық боксшылар турнирде 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль иеленіп, жалпы есепте бірінші орын алды.
Екінші орынға 14 алтын, 11 күміс және 8 қола иеленген Өзбекстан құрамасы орналасқан.
12 алтын, 13 күміс және 18 қола иеленген Үндістан құрамасы үздік үштікті тұйықтады.
Айта кетелік, Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтті.