7.06.2024, 15:49
Оқылды: 46

Қазақстандық десантшылар Тәжікстандағы «Ирбис-2024» оқу-жаттығуына қатысып жатыр

Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр. Іс-қимылдар «Магоб» оқу орталығында қызу үстінде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

AC1DB7DA-0936-4930-9B08-B1363A1ED89B

Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы шешім биылғы жылдың сәуір айында Душанбеде өткен штабтық келіссөздерде қабылданған болатын. Кездесуде тараптар Орталық Азия өңіріндегі террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты әскери-саяси жағдайды, қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылады. Осыған сәйкес оқу-жаттығудың мазмұны әзірленіп, таулы жерде ұрыс жүргізу тәсілдері модельденді.

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен қабылдаушы тараптың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері таулы жерлерде оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтайды.

5F194D7E-E170-4200-8109-C14CF6A620CF

Оқу-жаттығулар бөлімшелердің далалық дағдыларын жетілдіру, таулы жерде арнайы іс-шараларды орындау кезінде командирлердің бөлімшелерді басқаруда тәжірибе алуы, сондай-ақ екі ел Қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі. Оқу-жаттығу 9 маусымға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале